ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Зуев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Зуевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
с.Зуевка, ул.Школьная
8 (71445) 51-9-58
zuevka@altynsarinroo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Зуев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Зуевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ
11
Қыркүйек
2025

«Маңызды жобалардың бірі – елдің 17 серпінді жобаларының тізбесіне енгізілген толық циклді KІА автомобильдерін шығаратын зауыт. Қостанай – KIA компаниясы Кореядан тыс жерде зауыт салуға тікелей инвестиция құйғанған бірінші өңір. Инвестиция көлемі – 131,5 млрд теңге. Бұл жоба биылғы Жолдауда сөз болған индустрияландыру, заманауи технологияларды енгізу, сапалы жұмыс орындарын құру және Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту басымдықтарына толық сәйкес келеді. «KamLitKZ» ЖШС жүзеге асыратын тағы бір маңызды жоба – жетекші көпірлердің басты берілістерін шығаратын зауыт салу. Инвестиция көлемі – 82,5 млрд теңге. Тау-кен металлургия бағытта өңірде 1,4 трлн теңгеге 2 ірі жоба іске асырылуда», – деп тәптіштеді Дәурен Ниязбаев.

67

Ол қомақты инвестиция салынған басқа да ірі жобаларды жіпке тізді. Мәселен, Easthopegroup (Ист Хоуп Груп) компаниясы 864 млрд теңгеге сазбалшық шығаратын зауыт салмақ. «ССКӨБ» АҚ базасында ыстық брикетті темір өндіретін зауыт тұрғызылады. Инвестиция көлемі –532 млрд теңге. Сондай-ақ пысықталып жатқан тағы бір жоба –»GAS SOLUTION LTD» ЖШС міндетіне алған газ-химия кешенінің құрылысы. Жобаның құны – 3-6 млрд доллар. Бұлардың қатарына құрылысы жүріп жатқан құрлық порты – «Тобыл» көлік-логистика кешенін де қосу керек. Спикердің дерегіншще, облыста 80 инвестициялық жобаның тізбесі құрылған. Бұлардың аясында 12,2 мың жұмыс орнын құрылады.

Ақпарат көзі: Қостанай таңы газеті https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/

11
Қыркүйек
2025

Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі – өңдеу саласына инвестиция тарту.
Бұл тұрғысында Президент: «Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі тиімсіз. Түрлі органдардың құзыреттері қайталанады», – деді. Өңір басшысы мұндай сынға ілікпеу үшін жұмысты әлде де ширата түсу керек екенін айтып отыр. Бір есеппен, біздің облыс инвестиция тарту жөнінен қамшы салдырып отырған жоқ, жетістіктер ауыз толтырып айтарлық

12

«Облыста жаңа қолдау шараларын енгізу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Соңғы үш жылда экономикаға 1,5 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Осы жылғы 1-тоқсанда шамамен 200 млн доллар түсті. Алда атқарар шаруа көп. Технологиялар мен құзыреттер бере алатын және жаңа нарыққа жол ашатын ірі инвесторларды іздеп, оларды облысымызға тарту жұмысын күшейту қажет», – деді Құмар Ақсақалов.

14

 

Ақпарат көзі: Қостанай таңы газеті https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/

11
Қыркүйек
2025

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру бастамасы Жолдаудың ең елеулі жаңалығы болды. Бұл – осы салаға мықтап ден қойылады деген сөз. Ал оның жарқын келешегі жас буын, жаңа ұрпақтың қолында. Сондықтан маман даярлау ісінің маңызы барған сайын арта түспек. Облыста ЖИ бағытындағы кадрлық әлеуетті көтеруге басымдық беріледі. Өйткені болашақ инвестициялар мен инновациялардың қайнар көзі – цифрлық технология тілін меңгерген бәсекеге қабілетті жастар. Бұл жөнінде жиында сөз алған спикерлер қадау-қадау пікірлер айтты.
Әуелі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейтбек Қуанышбаев экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы«Қостанай облысы тек теориялық әлеуетімен ғана емес, жаңа цифрлық күн тәртібін іске асыруға жоғары практикалық дайындық деңгейімен ерекшеленеді. Өңірде кешенді кадрлық даярлау жүйесі құрылып жатыр. Жасанды интеллект саласын дамыту жұмысы мектептен басталып, арнайы университеттік бағдарламалар аясында жалғасады.  жасанды интеллектінің рөлін білім беру үрдісімен байланыстырды.

12

 

«Қостанай облысы тек теориялық әлеуетімен ғана емес, жаңа цифрлық күн тәртібін іске асыруға жоғары практикалық дайындық деңгейімен ерекшеленеді. Өңірде кешенді кадрлық даярлау жүйесі құрылып жатыр. Жасанды интеллект саласын дамыту жұмысы мектептен басталып, арнайы университеттік бағдарламалар аясында жалғасады. Осы инновациялық экожүйеге институционалдық қолдауды біздің университет жанындағы Smart-орталық пен Qostanai Hub технопаркі көрсетеді. Олар перспективалы IT және ЖИ жобаларын акселерациялау алаңдары саналады. Облыста маман даярлаудан бастап, олардың жобаларын қолдауға және нақты экономикаға енгізуге дейінгі инновациялық цикл орнығу үстінде. Бұл –Президент тапсырмасын орындауға облыс дайындығының жоғары екеніне дәлел», – дейді Сейітбек Қуанышбаев.

Цифрлық жаңғыру үдерісіне білім саласының тигізер ықпалы зор. Сондықтан облыста заманауи оқу ошақтарын көбейту маңызды міндетке айналып отыр. Қазір «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған бес мектеп жұмыс істеп тұр. Олар Қостанай ауданының Заречный (900 орын), Әулиекөл ауданының Құсмұрын (300) кенттерінде, Арқалықта (300), Қостанайдағы Әуежай (900), Береке (1200) шағын аудандарында салынды. Жыл соңына дейін Рудныйда тағы бір мектеп пайдалануға беріледі.

«Бұл мектептердің оқу кабинеттері интерактивті құрылғылармен жабдықталған. Олар педагогтер мен оқушыларға ғылыми жобалар және зерттеулер, виртуалды тәжірибелер жүргізуде жасанды интеллектіні пайдалануға қолайлы, – дейді облыс әкімі. – Мемлекет басшысы атап өткендей, мектеп оқушылары үшін жасанды интеллект негіздері бойынша бағдарлама мен оқу материалдарын дайындау қажет. Сондай-ақ мұғалімдердің ЖИ технологиясын меңгеру дағдыларын қалыптастыру керек».13

Өңір басшысы тілге тиек еткен міндеттемелердің облыста орындалу барысы қалай? Мұғалімдер мен оқушылардың ІТ-ге икемділігін қалыптастыру және дамыту бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Бұл турасында Білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру әдістемелік орталығының директоры Ольга Козлюк баяндады.

Президент осы Жолдауында: «Жасанды интеллект саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру мектеп табалдырығынан басталуы керек», – деді. Біз бұл жұмысқа кірісіп те кеттік. Жаңа оқу жылынан бастап ЖИ «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне біріктірілді. Қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту үшін шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту жобасы іске асырылуда. Мұнда педагогтердің біліктілігін арттыруды, ЖИ-ді пайдалана отырып, шектеулі ресурстар жағдайында кәсіби құзыреттілікті нығайтуға баса назар аударылады. Әр деңгейдегі 84 мектеп қатысатын бұл жобаға облыс әкімдігінің қолдауымен биыл қосымша 227 млн теңге бөлінді», – дейді Ольга Козлюк.15

Бүгінде «Өрлеу» платформасында ЮНЕСКО және «ЖИ оқу үдерісі: генеративті модельдер және өнеркәсіп-инжиниринг өнері» халықаралық инновациялар орталығымен бірлесіп әзірленген тегін онлайн-платформа іске қосылған. Онда облыстың барлық педагогі 1 қазанға дейін оқытылады. Сонымен қатар жыл басынан 7 мектепте Astana Hub қолдауымен бағдарламалау үйретіле бастады. Тағы бір айта кетері, облыс әкімінің тапсырмасымен, білім беру ұйымдарында биылғы оқу жылында ЖИ енгізу бағытында үш қанатқақты жобаны іске қосу жоспарда бар.

«Біріншісі – орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін үйрету үшін жасанды интеллектіні қолдану. Екіншісі – Tester.kz нүктелік диагностиканы оқытудың және білім олқылықтарын жоюдың кешенді жүйесін енгізу. Үшінші жоба – білім беру ұйымдарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету үшін Almektep жасанды интеллектін іске қосу. Бұлан бөлек, 2026 жылы «Болашақ мамандары» кәсіптік бағдарлау платформасына ЖИ пайдаланылады. Бұл мектеп оқушыларына қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай мансап жолын таңдауға көмектеседі», – деп мәлімдеді О.Козлюк.

Сондай-ақ алдағы уақытта Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжін Қостанай ІТ-колледжі етіп қайта құру жоспарланып отыр. Бұның ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауды едәуір кеңейтуге және ЖИ-ді техникалық және кәсіптік білім беру саласына белсенді енгізуге жол ашары сөзсіз.

Ақпарат көзі: Қостанай таңы газеті https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/

 

22
Тамыз
2025

Құрметті ата-аналар! видеоролик 

Жаңа оқу жылы жақындап келеді, сондықтан мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау маңызды екенін естеріңізге саламыз.Мектеп формасы – жай ғана киім емес. Бұл – оқу тәртібінің, мектептің жалпы стилінің және оқу үдерісіне деген көзқарастың бір бөлігі.Форма оқушылар арасында құрмет, тәртіп пен теңдік атмосферасын қалыптастыруға көмектеседі.Мектеп киімі бекітілген стандартқа сай болуы тиіс екенін атап өтеміз — классикалық түстер, қатаң стиль, ұқыпты, таза және жинақы сырт келбет.Түсіністік пен ынтымақтастығыңызға алғыс!Сіздердің қолдауларыңыз барлық балаларға жайлы, тәртіпті және құрметке негізделген білім беру ортасын құруға көмектеседі.

Впереди новый учебный год, и мы хотим напомнить о важности соблюдения требований к школьной форме. Школьная форма - это не просто одежда.Это часть учебной дисциплины, общего стиля школы и настроя на учебу. Она помогает создать атмосферу уважения, порядка и равенства среди учеников.Обращаем внимание, что форма одежды должна соответствовать утверждённому школьному стандарту — классические цвета, строгий стиль, аккуратный, чистый и опрятный внешний вид. Спасибо за понимание и сотрудничество! Ваша поддержка помогает нам создавать комфортную, организованную и уважительную образовательную среду для всех детей.

 

 

21
Тамыз
2025

💳 Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналардың есепшоттарына шамамен 20 млрд теңге аударылды — балалардың 87%-ы көмек алды

📌 «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылды. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыды, бұл жалпы алушылар санының 87%-ына жуық.Около 20 млрд тенге перечислено родителям — помощь к школе получили уже 87% детей 📌 В рамках Фонда «Всеобуч» на счета родителей и законных представителей уже перечислено около 20 млрд тенге для приобретения школьной формы, обуви и принадлежностей. Поддержку получили более 430 тысяч детей — это порядка 87% от общего числа получателей.

Без названия

© 2025. Все права защищены.