ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Зуев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Зуевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
с.Зуевка, ул.Школьная
8 (71445) 51-9-58
zuevka@altynsarinroo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Зуев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Зуевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру бастамасы Жолдаудың ең елеулі жаңалығы болды. Бұл – осы салаға мықтап ден қойылады деген сөз. Ал оның жарқын келешегі жас буын, жаңа ұрпақтың қолында. Сондықтан маман даярлау ісінің маңызы барған сайын арта түспек. Облыста ЖИ бағытындағы кадрлық әлеуетті көтеруге басымдық беріледі. Өйткені болашақ инвестициялар мен инновациялардың қайнар көзі – цифрлық технология тілін меңгерген бәсекеге қабілетті жастар. Бұл жөнінде жиында сөз алған спикерлер қадау-қадау пікірлер айтты.
Әуелі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейтбек Қуанышбаев экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы«Қостанай облысы тек теориялық әлеуетімен ғана емес, жаңа цифрлық күн тәртібін іске асыруға жоғары практикалық дайындық деңгейімен ерекшеленеді. Өңірде кешенді кадрлық даярлау жүйесі құрылып жатыр. Жасанды интеллект саласын дамыту жұмысы мектептен басталып, арнайы университеттік бағдарламалар аясында жалғасады.  жасанды интеллектінің рөлін білім беру үрдісімен байланыстырды.

12

 

«Қостанай облысы тек теориялық әлеуетімен ғана емес, жаңа цифрлық күн тәртібін іске асыруға жоғары практикалық дайындық деңгейімен ерекшеленеді. Өңірде кешенді кадрлық даярлау жүйесі құрылып жатыр. Жасанды интеллект саласын дамыту жұмысы мектептен басталып, арнайы университеттік бағдарламалар аясында жалғасады. Осы инновациялық экожүйеге институционалдық қолдауды біздің университет жанындағы Smart-орталық пен Qostanai Hub технопаркі көрсетеді. Олар перспективалы IT және ЖИ жобаларын акселерациялау алаңдары саналады. Облыста маман даярлаудан бастап, олардың жобаларын қолдауға және нақты экономикаға енгізуге дейінгі инновациялық цикл орнығу үстінде. Бұл –Президент тапсырмасын орындауға облыс дайындығының жоғары екеніне дәлел», – дейді Сейітбек Қуанышбаев.

Цифрлық жаңғыру үдерісіне білім саласының тигізер ықпалы зор. Сондықтан облыста заманауи оқу ошақтарын көбейту маңызды міндетке айналып отыр. Қазір «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған бес мектеп жұмыс істеп тұр. Олар Қостанай ауданының Заречный (900 орын), Әулиекөл ауданының Құсмұрын (300) кенттерінде, Арқалықта (300), Қостанайдағы Әуежай (900), Береке (1200) шағын аудандарында салынды. Жыл соңына дейін Рудныйда тағы бір мектеп пайдалануға беріледі.

«Бұл мектептердің оқу кабинеттері интерактивті құрылғылармен жабдықталған. Олар педагогтер мен оқушыларға ғылыми жобалар және зерттеулер, виртуалды тәжірибелер жүргізуде жасанды интеллектіні пайдалануға қолайлы, – дейді облыс әкімі. – Мемлекет басшысы атап өткендей, мектеп оқушылары үшін жасанды интеллект негіздері бойынша бағдарлама мен оқу материалдарын дайындау қажет. Сондай-ақ мұғалімдердің ЖИ технологиясын меңгеру дағдыларын қалыптастыру керек».13

Өңір басшысы тілге тиек еткен міндеттемелердің облыста орындалу барысы қалай? Мұғалімдер мен оқушылардың ІТ-ге икемділігін қалыптастыру және дамыту бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Бұл турасында Білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру әдістемелік орталығының директоры Ольга Козлюк баяндады.

Президент осы Жолдауында: «Жасанды интеллект саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру мектеп табалдырығынан басталуы керек», – деді. Біз бұл жұмысқа кірісіп те кеттік. Жаңа оқу жылынан бастап ЖИ «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне біріктірілді. Қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту үшін шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту жобасы іске асырылуда. Мұнда педагогтердің біліктілігін арттыруды, ЖИ-ді пайдалана отырып, шектеулі ресурстар жағдайында кәсіби құзыреттілікті нығайтуға баса назар аударылады. Әр деңгейдегі 84 мектеп қатысатын бұл жобаға облыс әкімдігінің қолдауымен биыл қосымша 227 млн теңге бөлінді», – дейді Ольга Козлюк.15

Бүгінде «Өрлеу» платформасында ЮНЕСКО және «ЖИ оқу үдерісі: генеративті модельдер және өнеркәсіп-инжиниринг өнері» халықаралық инновациялар орталығымен бірлесіп әзірленген тегін онлайн-платформа іске қосылған. Онда облыстың барлық педагогі 1 қазанға дейін оқытылады. Сонымен қатар жыл басынан 7 мектепте Astana Hub қолдауымен бағдарламалау үйретіле бастады. Тағы бір айта кетері, облыс әкімінің тапсырмасымен, білім беру ұйымдарында биылғы оқу жылында ЖИ енгізу бағытында үш қанатқақты жобаны іске қосу жоспарда бар.

«Біріншісі – орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін үйрету үшін жасанды интеллектіні қолдану. Екіншісі – Tester.kz нүктелік диагностиканы оқытудың және білім олқылықтарын жоюдың кешенді жүйесін енгізу. Үшінші жоба – білім беру ұйымдарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету үшін Almektep жасанды интеллектін іске қосу. Бұлан бөлек, 2026 жылы «Болашақ мамандары» кәсіптік бағдарлау платформасына ЖИ пайдаланылады. Бұл мектеп оқушыларына қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай мансап жолын таңдауға көмектеседі», – деп мәлімдеді О.Козлюк.

Сондай-ақ алдағы уақытта Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжін Қостанай ІТ-колледжі етіп қайта құру жоспарланып отыр. Бұның ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауды едәуір кеңейтуге және ЖИ-ді техникалық және кәсіптік білім беру саласына белсенді енгізуге жол ашары сөзсіз.

Ақпарат көзі: Қостанай таңы газеті https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/

 

© 2025. Все права защищены.