Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі – өңдеу саласына инвестиция тарту.
Бұл тұрғысында Президент: «Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі тиімсіз. Түрлі органдардың құзыреттері қайталанады», – деді. Өңір басшысы мұндай сынға ілікпеу үшін жұмысты әлде де ширата түсу керек екенін айтып отыр. Бір есеппен, біздің облыс инвестиция тарту жөнінен қамшы салдырып отырған жоқ, жетістіктер ауыз толтырып айтарлық
«Облыста жаңа қолдау шараларын енгізу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Соңғы үш жылда экономикаға 1,5 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Осы жылғы 1-тоқсанда шамамен 200 млн доллар түсті. Алда атқарар шаруа көп. Технологиялар мен құзыреттер бере алатын және жаңа нарыққа жол ашатын ірі инвесторларды іздеп, оларды облысымызға тарту жұмысын күшейту қажет», – деді Құмар Ақсақалов.